01
қыркүйек
2025
Жаңа мектеп ашылды



Бүгін, 1 қыркүйекте Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ошағында оқушыларды Білім күнімен құттықтады.Жаңа оқу жылы қарсаңында мегаполисте Наурызбай ауданында 1500 мың орынға арналған №214 мектеп пайдалануға берілді.
«Бүгін Алматыдағы 350 мыңнан астам оқушыға алғашқы қоңырау соғылды. Оның ішінде 28 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл ата-аналар мен ұстаздар үшін ерекше толқыныс пен қуанышқа толы сәт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әрбір балаға сапалы білім алу үшін тең және заманауи жағдай жасау – басты міндетіміз», — деді Дархан Сатыбалды.
Қыркүйек айының соңына дейін қалада тағы 10,5 мың орындық 5 мектеп ашылады. Жалпы ұлттық жоба аясында 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, жеке инвесторлар есебінен тағы 8 мектеп салынады. 2027 жылға дейін 31 мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.