04
қараша
2025
«Заң және тәртіп»



Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2025 оқу жылы 4 қараша күні 9-11 сынып оқушылар арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында Наурызбай ауданы полиция басқармасы Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы Маратқызы Айнұр, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Искакова Индира Тлеубековна, Наурызбай ауданы ішкі істер басқармасының участкелік инспекторы полиция капитаны Тоғызбай Асыл Эльмуратұлы, полиция аға лейтенанты Шулембаев Нұрбосын Нұрбақытұлының қатысуымен әлімжеттік пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта жүру, қылмыстық жауаптылық, вандализм секілді жағдайлардың алдын алу, оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынас орнатып, заң және тәртіп құндылықтарын насихаттау мақсатында жиналыс түсіндірме жұмыстарын жүргізді.