15
қазан
2025
“Жас сақшы”




Бүгін №214 жалпы білім беретін мектепте тарихи әрі тағылымы зор ерекше шара өтті — Республикалық бірыңғай “Жас сақшы” полиция сыныбының ресми ашылу салтанаты. Бұл күн жас өрендер үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін, отансүйгіштік пен тәртіптіліктің жаңа белесі болып табылды.Шара Алматы қаласы Полиция департаментінің туын салтанатты түрде енгізумен басталды. Отанға деген құрметтің белгісі ретінде ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалып, залда ерекше патриоттық рух қалыптасты.Арнайы сапқа тұрған «Жас сақшылар» полиция полковнигімен әскери-саптық амандасу рәсімін өткізіп, салтанаттың сәнін келтірді. Бұл сәт оқушылардың тәртіп пен әскери мәдениетке деген құрметін айқын көрсетті.Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әділғожа Ерғожаұлы Құсайынов пен Алматы қаласы ІІО және ҰҰ ардагерлері кеңесінің төраға орынбасары, отставкадағы полиция полковнигі Рахимов Бауыржан Сарыұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас сақшыларға болашақтарына бағыт-бағдар беретін жылы лебіздерін жеткізді.Шараның ең жауапты әрі мәртебелі бөлігі — “Жас сақшылардың” ант қабылдау рәсімі болды.
Жас өрендер Отанға адал қызмет етуге, ел қауіпсіздігін қорғауға, тәртіп пен әділдікті берік ұстануға салтанатты түрде ант берді. Бұл – олардың азаматтық қалыптасуындағы үлкен қадам.Салтанатты жиында Полиция департаменті бастығының орынбасары Ашылу Сертификатын
214 мектеп директоры Ахметова Света Ағабекқызына ресми түрде табыстады. Бұл – мектептегі “Жас сақшы” бағытындағы тәрбиелік жұмыстың жаңа деңгейге көтерілгенінің айғағы.Шара сәнін қазақ эстрадасының жұлдызы Талғат Жорабаев,«Қарақат» би ансамблі,Қоңқыш Бақжанат — «Мен қазақпын», полиция департаменті оркестрінің әншілері — Қайрат мырза мен Жұлдыз ханым, және Қабжан Жанел — «Отаным»әнімен көрермендерге тамаша өнер сыйлады.Салтанатты жиында ерекше құрметті меймандар Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Суханов Леонид Дмитриевич,Наурызбай ауданы Полиция басқармасы Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Қанағатова Назым Болатқадырқызы қатысты.Шара соңында мектеп директоры Ахметова Света Ағабекқызы жас сақшыларды құттықтап, болашақта Отанның сенімді қорғаушысы болуларына тілектестігін білдірді.