08
қараша
2025
“Әкем, анам және мен”



Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №214 жалпы білім беретін мектепте 1-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында
“Әкем, анам және мен” атты керемет отбасылық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды! Шараның негізгі мақсаты — отбасылардың бірлігін арттыру, балаларды спортқа баулу және ата-ана мен бала арасындағы жылы байланыс пен өзара қолдауды нығайту болды. Жарыс барысында отбасылар ерекше белсенділік танытып, бір-біріне демеу болып, жоғары көңіл-күй сыйлады. Әр кезең қызыққа, қуаныш пен достыққа толы болды! Балалардың шат күлкісі бүкіл залды ерекше атмосфераға бөлеп тұрды. Мектеп әкімшілігі орын алған барлық командаларды шын жүректен құттықтайды.Сіздердің ұйымшылдығыңыз бен ынтымағыңыз — барлық қатысушыларға үлгі! Барлық отбасыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Бірлік пен сыйластықты бірге насихаттай берейік!