Тәжірибе таратылды
№214 Жалпы білім беретін педагог-зерттеуші мұғалімдерінің әдістемелік шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу, өзара әдістемелік көмек көрсетуді оңтайландыру мақсатындағы тәжірибе жұмыстары бойынша «Авторлық бағдарлама: тәжірибе мен нәтиже» атты тәжірибелік-вебинар өткізілді. Вебинарға қаланың Алатау, Әуезов, Алмалы, Жетісу, Түріксіб, Наурызбай аудандарынан ұстаздар қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.