Іс-шара » «№214 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№214 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 705-36-70
Ұялы телефон:
+7(705) 721-89-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қыркүйек
2025

Іс-шара


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №214 жалпы білім беретін мектепте бастауыштың 4-сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған бұйымдардан тұратын таңғажайып “Ғажайыптар әлемі” көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрме жас өрендердің қиялы мен қолөнер шеберлігін танытқан ерекше шараға айналды. Көрме барысында оқушылар дайындаған түрлі қолөнер бұйымдары, креативті макеттер, қайта өңделген материалдардан жасалған экологиялық туындылар және балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын көрсететін сан алуан ерекше дүниелер келушілер назарына ұсынылды. Әрбір туынды — баланың еңбегі мен талпынысының, қиялы мен ізденісінің нәтижесі. Бұйымдардың жасалу тәсілі, олардың әсемдігі мен өзіндік ерекшелігі балалардың ұқыптылығы мен шеберлігін айқын көрсетті. Әр жұмыс кішкентай жүректен шыққан үлкен өнер екенін дәлелдегендей әсер қалдырды. Бұл шараның басты мақсаты — балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз қолымен бір нәрсе жасап шығаруға деген қызығушылығын арттыру және еңбегінің нәтижесін көпшілікке таныту еді. Көрмеге келген ата-аналар мен ұстаздар оқушылардың еңбегіне тәнті болып, олардың жаңа қырынан көрінуіне қуаныш білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив