Іс-шара
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №214 жалпы білім беретін мектептің бастауыштың 2-сынып оқушылары ертегілер әлеміне саяхат жасап, сүйікті ертегілерін сахналап көрсетті. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, кейіпкерлер бейнесін керемет сомдады. Көрермендер мен әділқазы алқалары қойылымдарды тамашалап, жас актерлердің еңбегіне лайықты бағасын берді. Осындай шығармашылық шаралар оқушылардың қиялын дамытып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті!